E-Doc порталының пайдаланушы Келісімі жаңартылды, пайдаланушылар құжаттың жаңартылған нұсқасына қол қоюы қажет.
Құжаттың жаңа түрі — жиналыс хаттамасы жүзеге асырылды. Ұйым қызметкерлері нақты уақыт режимінде онлайн жиналыстар өткізіп, түрлі мәселелер бойынша дауыс бере алады. Жиналыс қорытындысы бойынша жүйе дауыс беру хаттамасын қалыптастырады. Хаттамаға дауыс бергендердің барлығы, жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды.Нұсқаулық
Құжаттың атауында енді таңбалар бойынша шектеулер жоқ.
Бірнеше жеткізу орны бар шарттың мәні бойынша БЭК порталынан деректерді алу пысықталды.
Шартқа тек компания ішінде қол жетімді болатын құжаттарды жүктеуге болады, олар контрагент үшін көрінбейді.
Қабылдау-тапсыру актісі. Енді тұрақсыздық айыбының сомасын көрсеткен кезде тапсыру қабылдау актісінде Тапсырыс берушінің таңдауына тұрақсыздық айыбын есепке алмай соманы көрсетуге болады.
Құжаттардың жалпы тізімінде қабылдау-тапсыру актісінің нөмірін көрсетумен қате жойылды. Енді тізімде шарт нөмірі емес, акт нөмірі көрсетіледі.
Құжат авторы және Қабылдаушы ретіндегі қызметкерлер, Хатшы құжаттың күшін жоя алады. Сондай-ақ, құжат "Қол қойылған" мәртебесінде жойылуы мүмкін.
Шарт енді "Келісілген", "Контрагент бас тартқан", "Келісуден бас тартылған", "Қол қоюдан бас тартылған" мәртебелерінде жасалмаған деп танылуы мүмкін.
Құжаттардың жалпы тізімінде құжаттар санының дұрыс көрсетілуі реттелген.