Бүгін Mitwork компаниясына 7 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде біз өз өнімдеріміздің айналасында құрылған қауымдастықтың арқасында кішкентай стартаптан үлкен компанияға айналдық. Тапсырыс берушілер Еуразиялық порталда аптасына 160-қа жуық сатып алу өткізеді, ал жеткізушілер орта есеппен 5 млрд теңге табады.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша жеке платформалар арасында портал бірінші болып мемлекеттік сертификатқа ие болды және квазимемлекеттік сектордың ресми сатып алу операторы болып табылады. Біз тапсырыс берушілер үшін тұрақты жұмыс істеуге және жеткізушілер үшін адал бәсекелестікке кепілдік береміз.
Порталда жұмыс істейтін тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге және E-Doc электрондық құжат айналымын пайдаланушыларға алғыс білдіреміз!
2022 ж. 08 ақп., 16:10:53