Құрметті пайдаланушылар!
E-Doc қызметі 21-ші нұсқаға жаңартылды.
Шығарылымдағы ең бастысы:
- Шарт карточкасы, шартты толтыру. Үлгі тек бір тілде болса, жүйе деректерді тартпайтын қатені түзеді.
- E-Doc жүйесінде үш жақты шартқа қол қою жұмыс істейді. Қимаүлгі жасау және актіні көрсету де жұмыс істейді.
- Бағдарды бұзбай қол қоюшыны өзгерту. Шарттың авторы шарттың бағдарында қол қоюшыны өзгерте алады. Тапсырыс беруші қол қоюшыны тапсырыс беруші тарапынан ғана өзгерте алады. Жеткізуші тарапынан орындаушыларға тапсырманы қайта тағайындау кезінде қол қоюшы өзгереді.
- Файлдарды тіркеу және жою құқықтарын өзгерту. Файлды тіркеу және жою тек құжат авторына қол жетімді. Құжат авторы әрқашан файлды құжатқа шектеусіз қоса алады. Тіркелген файлды жою құжатқа қол қойылғанға дейін ғана қол жетімді. Жеткізуші шартқа қол қойылғаннан кейін файлдарды қоса алады.
- Көрсетілген қызметтер актісі, үшжақты шартқа жергілікті қамту туралы есеп. Көрсетілген қызметтер актісін, жергілікті қамту туралы есепті «Құру» және «Бекіту» тәсілдерімен құру мүмкіндігі іске асырылды. Интерфейс жеткізуші мен тапсырыс берушінің қолтаңбаларын көрсетеді.
Техникалық қолдау
Кез келген сұрақтар бойынша техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз. Техникалық қолдау операторлары тіркеу, тарифтер және функционал туралы сұрақтарға жауап береді. Операторлар өтініштерді support@mitwork.kz электрондық пошта немесе порталдағы тегін онлайн-чат арқылы арқылы қабылдайды. Жеткізушілер үшін ақылы телефон желісі де жұмыс істейді: 8 809 080 90 80.
Үшжақты келісім, актілермен және шарттармен жұмыс, қателерді түзету
2022 ж. 28 нау., 09:00:00