E-Doc қызметі 21.5 нұсқаға жаңартылды.
Шығарылымдағы ең бастысы:
- Жүйе кейбір жағдайларда Е-Doc-ты пайдалану туралы келісімге қол қоюға жауап бермейтін қате түзетілді.
- Үшжақты шартты қалыптастыру пысықталды. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін, шартты құру кезінде толтырылмаған өрістер түстермен ерекшеленетін болды.
- Үшжақты шарт бойынша актілер. Үшінші тарап бағдар бойынша екінші қатысушыдан келетін құжатқа қол қоя алмайтын қате түзетілді.
- Үшжақты шарт. «Бекіту» тәсілімен шарт жасау пысықталды. Енді үшінші қол қоюшы құрылған файлда көрсетіледі.
- Порталда 1.5 нұсқасының ПДФ файлдарын жүктеу мүмкіндігі іске асырылды. Шығарылғанға дейін портал тек 1.4 нұсқасының файлдарын ғана жүктеуге мүмкіндік беретін.
- Енді шарт мәнінің жиынтық сомасы РАЕ-де тиынмен дөңгелектенбейді. Жүйе соманы үтірден кейін үшінші таңбадан дөңгелектейді.
- Тапсырманы қайта тағайындау кезінде бағдарды бұзбай үшжақты шартқа қол қою. Жүйе пайдаланушыға тапсырманы қайта тағайындайтын, бірақ шарттың кіріспе карточкасындағы бірінші келішімшарт агентінің деректерін өзгертетін қате түзетілді.
Техникалық қолдау
Кез келген сұрақтар бойынша техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз. Техникалық қолдау операторлары тіркеу, тарифтер және функционал туралы сұрақтарға жауап береді. Операторлар өтініштерді support@mitwork.kz электрондық пошта немесе порталдағы тегін онлайн-чат арқылы арқылы қабылдайды. Жеткізушілер үшін ақылы телефон желісі де жұмыс істейді: 8 809 080 90 80.
edoc, құжаттар, шарт, электрондық құжаттар, құжат айналымы
2022 ж. 13 сәу., 09:00:59