E-DOC қолдану ережелері


EDOC.KZ ЗАҢДЫ МАҒЫНАЛЫ ҚҰЖАТТАРМЕН АЛМАСУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

1. Негізгі ұғымдар

Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланады:

1.1. E-DOC (бұдан былай – E-DOC, Портал), бизнес пен азаматтар үшін заңды мағыналы құжаттармен алмасу жүйесі.

1.2. Электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.

1.3. Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар (символдар) терімі. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең, және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II «Электрондық құжат және электрондық цифрлік қолтаңба туралы»Заңына сәйкес шарттар орындалған кезде бірдей заңдық салдарға әкеп соғады.

1.4. Ие жәнеОператор (бұдан былай – Оператор) – Порталдаақпаратты алмастыруды және орналастыруды жүзеге асыруға үәкілетті, E-DOC иеленуші тұлға, «MITWORK» ЖШС.

1.5. Е-DOC Қатысушысы – Күәландырушы орталықпен Тіркеу күәлігінің Иелерін мәлімдеуге құқықтар берілген электрондық құжаттарды тарату, іздеу, беру, сақтау, өңдеу, жинау процессіне қатысатын жеке немесе заңды тұлға немесе лауазымды тұлға.

1.6. Электрондық құжатты жөнелтуші (Жөнелтуші) – Электрондық құжатты жіберетін E-DOC Қатысушысы.

1.7. Электрондық құжатты алушы (Алушы) –Жөнелтушіменоған электрондыққұжат жіберілген E-DOC Қатысушысы.

1.8. Тіркеу күәлігі - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II «Электрондық құжат және электрондық цифрлік қолтаңба туралы»Заңының талаптарына электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкестігін растау үшін Күәландырушы орталықпен берілетінэлектрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат.

1.9. Тіркеу куәлігінің иесі – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға.

1.11. Пайдаланушы – Портал қызметтерімен пайдаланатын және/немесеПорталменкөзделгенөкілеттіктермен E-DOC тіркелген кез келген жеке және/немесе заңды тұлғаның, өкілдіктің, филиалдың үәкілетті өкілі.

1.12. E-DOC электрондық сервистер (далее- ЭС) – электрондық құжаттармен алмасу және қол қоюды, келісуді, өңдеуді, қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін E-DOC функцияларына/құралдарынарұқсат беретін сервистер.

1.13. Портал Қатысушының Әкімшісі – Порталда осы Қатысушының басқа Пайдаланушыларының өкілеттіктерін айқындайтын мүмкіндігі бар, Қатысушы атынанПорталда тіркелген пайдаланушы.

1.14. E-DOC пайдалану Ережелері – Порталда жұмыс тәртібін, https://edoc.kz мекенжайы бойынша орналасқан E-DOC Электрондық Порталды пайдалану ережелерін, талаптарын белгілейтін осы Ережелер/осы құжат.

1.15. Сәйкестендіру – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігі(сертификаты)арқылыпайдаланушының түпнұсқалығын растау рәсімі (бұдан былай- ҚР ҰҚО).

1.16. Акредиттеу -E-DOC порталында жұмыс жасау мүмкіндігін ұсыну мақсатында орнатылған тәртіпке және пайдалану Ереженің талаптарына ЕЭП Қатысушының сәйкестігінің ресми растауын және тексеру рәсімі.

E-DOC пайдалану ережесінің толық нұсқасын жүктеу