Көпшілік офертасы


ЖАРИЯ ОФЕРТА

EDOC.KZ электрондық сервистерге қолжетімділік

беру бойынша қызмет көрсету туралы

Бұдан былай «Оператор» деп аталатын «MITWORK» ЖШС, бұдан былай «E-DOC Қатысушы»деп аталатын кез келген жеке кәсіпкерге,заңды және жеке тұлғаға Интернет жүйесінде ақылыэлектрондық қызметтерді (бұдан былай- Қызметтер) көрсетуді ұсынады.

Осы ұсынысҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан былай – ҚР АК) 395 бабына сәйкес жария офертасы болады (бұдан былай – Шарт), Оператордың порталында орналасқан «E-DOC пайдалану туралы Келісімге»қол қойып және https://edoc.kz мекенжайы бойыншаорналасқан Оператордың Порталында тіркеу бойынша әрекеттерді жасау жолымен -Қатысушымен конклюденттік бағдарлы іс-қимылды іске асыруы ҚР АК 396 бабына сәйкес толық және сөзсіз талаптарын қабылдау (акцепт)деп саналады.

ҚР АК 395,396 баптарына сәйкестөмендегі талаптарды қабылдаған жағдайда осы офертаның акцептін атқаратын жеке кәсіпкер, заңды және жеке тұлға - Қатысушы, алОператор және Қатысушы бірлесіп – Оферта шартының Тараптары болады.

1. Негізгі терминдер мен анықтамалар

1.1. E-DOC - бизнес пен азаматтар үшін заңды мағыналы құжаттармен алмасу жүйесі

1.2. E-DOC электрондық сервистері (ЭС) - электрондық құжаттармен алмасу, қол қоюды, келісуді, өңдеуді және қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Жүйенің функционалы.

1.3. Акцепт - Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы

1.4. Оферта - Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсету.

1.5. Офертаның акцепті — E-DOC қолдану туралы Келісімге қол қоюмен(бұдан былай – Келісім) жәнежеке тұлғанынжәне/немесежеке кәсіпкер, заңды тұлғаныңатынанПортал Қатысушысын тіркеу әрекеттерініске асыру жолыменоферта талаптарынтолық және сөзсіз қабылдау.

1.6. Жария оферта — офертаның акцепті арқылы жасалатын E-DOC Порталының сервистеріне қолжетімділікті ұсыну бойыншаОператормен Қатысушы арасындағы осы Шарт.

1.7. E-DOC Операторы (бұдан былай – Оператор) - E-DOC пайдалану Ережелеріне,осы Шартқа сәйкес, Порталда ақпаратты алмастыруға жәнеорналастыруғауәкілетті,таратуға құқығы баржәне E-DOC иеленетін тұлға, «MITWORK» ЖШС.

1.8. Е-DOC Қатысушысы – Куәландырушы орталықпен Тіркеу күәлігінің Иелерін мәлімдеуге құқықтар берілген электрондық құжаттарды тарату, іздеу,беру, сақтау, өңдеу, жинау процессіне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, жеке кәсіпкер немесе лауазымды тұлға.

1.9. E-DOC Пайдаланушысы – E-DOC Қатысушысы атынан Порталда әрекет ететінжәне E-DOC Қатысушысымен оның мүдделерін Порталда білдіруге рұқсат берілген, Портал қызметтерімен пайдаланатын және/немесеПорталменкөзделгенрөльдермен E-DOC тіркелген кез келген жеке және/немесе заңды тұлғаның, өкілдіктің, филиалдың үәкілетті өкілі, жеке кәсіпкер.

1.10. E-DOC пайдалану ережелері – электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс тәртібін, https://edoc.kz/ru/pages/show/rules мекенжайы бойынша орналасқан E-DOC Электрондық Порталды пайдалану ережелерін, шарттарын белгілейтін осы құжат.

1.11. ЭЦҚ –Пайдаланушының Порталмен әрекеттерінің заңды маңыздылығын,тексеру және қол қою үшін қолданатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Күәландырушы орталығымен берілген электрондық-цифрлық қолтаңба.

1.12. Сәйкестендіру – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігі(сертификаты)арқылыпайдаланушының түпнұсқалығын растау рәсімі.

1.13. Порталда тіркелу – ҚР ҰҚО берген сертификат арқылы порталда Қатысушының есеп жазбасынқұру және Қатысушыны сәйкестендіру рәсімі.

1.14. Авторизациялау, құаттау – пайдаланушының Е-DOC немесе Е-DOCфункционалдық модуліне қол жеткізу құқығын тексеру рәсімі.

1.15. Абоненттік төлем - белгіленген уақыт кезеңіне Операторға алдын ала төлеммен төленетінПорталдың белгіленген қызмет мөлшерін пайдалану үшін ақшалай қаражат.

Жария офертасының толық нұсқасын жүктеу